18 тамыз күні отбасылық оқу кітапханасында Мағзом Сүндетовтың «Ескексіз қайық» романының 55 жылдық мерейтойына орай ақпарат берілді. Мағзом Бижанұлы Сүндетов - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Сүндетов «Еңбек ерлігі үшін» медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Ескексіз қайық» романы 1968 жылы басылып шығарылды. Романда негізгі оқиға жүйесіне арқау болған Жазира - Наурыз бейнесі бізге әрқилы әсер қалдырады. Бұл романда махаббат,адалдық,сатқындық, соғыс кезіндегі ауыл өмірі шынайы бейнеленген.Соғыс кезіндегі ауыр халды асыра пайдаланып пайда көрген Исахан мен Бақанның бейнелері,Балым қария мен Салимаш образдары оқырманды баурап әкетеді. Ағыспен ыға беретін ескексіз қайық құсап орта жолда қалған Жазира төркініне жол тартады.