Жақсылық жаса! 
Көңілі жарым пендеге,
Көмектес жүзі солмасын.
Жақсылық жасау білгенді,
Жаратқан өзі қолдасын. 
Ақ, қара, сары адамдар,
Бәрін де Алла жаратқан.
Бірдейміз ойлап қараңдар,
Тегіміз тек қазақтан.

Мейірім болсын жүректе,
Бөліп жармайтын ешкімді.
Зәру болса көмекке,
Қалдырма жүдеу көңілді. 
Қолыңды соз өзгеге,
Шығады ол да жарыққа.
Қолыңнан келсе егерде,
Жақсылық жаса халыққа! 
Маликова Д.Ж.
Өткенді ойламай бәрін ұмыту,
Сағынып кейде келерін күту.
Өткен шақ салған жүрек жарасын,
Өлеңге қоспай үндемей жұту. 
Мүмкін емес...... 
Тағдырдың қилы ұзақ жолдары,
Жабыққан сәтте Алла қолдады.
Біреулер кетіп жанды қинаса,
Біреулер келіп күлкі сыйлады. 
Шүкір етем...... 
Төзімді қинап өмір сынағы,
Шешілмей жатса сырлы жұмбағы.
Пенде болған соң бәрін көреміз,
Түнеріп келсе мұң менен қайғы, 
Сабыр етем.......  
Қадірлі сондай өмір беретін,
Жүдеу жаныңа сенім беретін.
Бақыт, байлықты уақытша беріп,
Өмірдің сырын жалғыз білетін. 
Тәңірім екен.........
Комментарии 3
Сағынып кейде келерін күту.
Өткен шақ салған жүрек жарасын,
Өлеңге қоспай үндемей жұту. 
Мүмкін емес...... 
Тағдырдың қилы ұзақ жолдары,
Жабыққан сәтте Алла қолдады.
Біреулер кетіп жанды қинаса,
Біреулер келіп күлкі сыйлады. 
Шүкір етем...... 
Төзімді қинап өмір сынағы,
Шешілмей жатса сырлы жұмбағы.
Пенде болған соң бәрін көреміз,
Түнеріп келсе мұң менен қайғы, 
Сабыр етем.......  
Қадірлі сондай өмір беретін,
Жүдеу жаныңа сенім беретін.
Бақыт, байлықты уақытша беріп,
Өмірдің сырын жалғыз білетін. 
Тәңірім екен.........