Төлем тапсырмасының жаңа форматы туралы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелері мен ақпараттық жүйелерді төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына көшіруді жүзеге асырды.
Бюджетке төлем жасауға арналған төлем тапсырмасының жаңа формасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген «Нақты төлеуші» және «Ақша жіберуші» жолдарын қамтиды.
Осыған сәйкес, бюджетке төленетін төлемдер төлемтапсырмасының «Ақша жіберуші» жолында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына түседі.
«Нақты төлеуші» жолын толтырған жағдайда, құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдер аударатын заңды тұлғалар, борышкер үшін төлем аударатын сот орындаушылары, төлем «Нақты төлеуші» жолында көрсетілген деректер негізінде жеке шотқа түседі.
О новом формате платежного поручения
Департамент государственных доходов по Восточно- Казахстанской области сообщает следующее.
C 13 января 2025 года Национальным Банком Республики Казахстан реализован переход платежных систем и информационных систем на международный стандарт формата платежных сообщений ISO 20022.
Новая форма платежного поручения на уплату платежей в бюджет, утвержденная Правилами осуществления безналичных платежей, содержит графы «Фактический плательщик» и «Отправитель денег».
Соответственно, платежи в бюджет разносятся в лицевой счет налогоплательщика по ИИН/БИН, указанному в графе платежного поручения «Отправитель денег».
При заполнении поля «Фактический плательщик» юридическими лицами, перечисляющими социальные платежи за свое структурное подразделение и судебными исполнителями при перечислении платежей за должника, разнесение платежа производиться в лицевой счет по полю «Фактический плательщик».