Бүгін Қарабас кентің кітапханасында «Абайды бірге оқимыз» атты әдеби акция өз мәресіне жетті. Шара барысында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының Бесінші қарасөзі оқылып, бүгінгі жас ұрпаққа терең мағынасы бар тәрбие мен білімге толы ойлар кеңінен насихатталды.
Абайдың қарасөздері — ұлт руханиятының қайнар көзі. Бұл шара жас буынның рухани дамуына, ақыл-ойын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды тануға зор үлес қосты