Айналайын аяулым қартайдым деме
Қажытасын өзінді бекерге неге?
Жал толқынды жарады әлі де талай
Біз отырған тоқтамас желкенді кеме
Жылдар жылыстап өтсе де
Жастық алыстап кетсе де
Қарттық аяңдап жетсе де
Сүйем сені аяулым!
Рахат пен азаптан көрдін бе бәрін
Қайтқаны жоқ жалыңды жастық деп үнің
Маған ғана арналған жарқын көңілің
Бірге өткен қолдасып мәңгі өмірім