Германия елінде мектеп оқушылары өткен байқауға шымкенттік балалар да қатысты. Білім сайысы Михаил Ломоносовтың туғанына 300 жылдығына орай ұйымдастырылған "Берлиндегі Ломоносов күндері" деп аталды. 5 елдің ішінен топ жарып, өз білімін көрсете білген кішкентай жерлестеріміз "Бәйтерек" зияткерлік мектебінің шәкірттері болатын.