28 шілде күні отбасылық оқу кітапханасында «Мен өмірге ғашықпын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: әр адамға өз өміріне қол жұмсау тек өзіне ғана жасалған қиянат емес, жақындарына, қоршаған ортаға жасалған қастық екенін түсіндіру, өмірге деген құштарлығын арттыру.
Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.
Кітап көрмесіне автор Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу», Кәмшат Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп,өміріңді өзгерт», Ш. Мұқанұлының «Тәрбие,оқуға тиіс 10 кітап» және У.Жарқынбайдың «Отбасылы дағдарыс психолигиясы», Л.Суркованың «Детская психология», А.А.Осипованың «Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях» атты кітаптары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Бұл кітаптарда рухани тәрбиені байыту және өмір үшін күреске түскен жандардың жағдайы сипатталады.