Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, ырымдары, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Біз Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкерлері «Суретшілер картиналарындағы Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары» атты музей сабағын ұсынып отырмыз.
Сюжетті дайындаған: Ғылыми-әдістеме бөлімінің басшысы Мейрамгүл Елубаева