Айгүл Сағымбайқызы.
.
Тағдырдан, үміт үзгенде,
Көктемім, күзге енгенде.
Сән беріп, мынау өмірге,
Үйреттің, қайта сүйгенді.
Сынағын көрдім, тағдырдың,
Құлатты талай, биіктен.
Үзіле жаздап, қалғанда,
Үмітті жалғап, сен келдің.
Тағдырым, талай жылатты,
Тұрғызбай шалып, аяқтан.
Тұрсамда, тағы құлатты,
Тірек боп келдің бе маған?
Мың сұрақ қойдым, Тәңірге,
Самайға қырау түскенде.
Жаныма, ем боп келдің бе?
Бүл түсім, әлде өңім бе?