Өткен аптада Аягөз гарнизонының мәдени-демалу орталығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Инженерлік әскерлерінің құрылуына 25 жыл толуына байланысты салтанатты митинг болып өтті. Бүгінде инженерлік әскерлер - бұл ұрысты инженерлік қамтамасыз ету тапсырмаларын шешу үшін арналған алдыңғы шептегі әскерлердің бірі. Инженерлік қамтамасыз ету тапсырмалары барлық әскер тектері мен арнайы әскерлердің бөлімдері және бөлімшелерімен орындалады. Олар қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, көшіру маневрлері, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, жолдарды, су кедергілері арқылы өткелдерді жабдықтау және ұстау, шептерді, позицияларды, әскери бөлімдердің орналасу аудандарын фортификациялық жабдықтау, басқару пункттерін өрістету бойынша тұтас тапсырмалар кешенін орындайды.
Салтанатты шарада 02352 әскери бөлімінің командирі подполковник Балғабаев Жалғасбай Батырбайұлы сөз сөйлеп, барша инженерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауынгерлік және мемлекеттік – құқықтық дайындығынан жоғары көрсеткіштері үшін жеке құрамды грамоталармен марапаттады. Солардың ішінде лейтенант Қуатбеков Асылбек, III сыныпты сержанты Бекбаев Санат, аға сержант Дугалиев Әділет, аға сержант Никитина Альфияны ерекше атап өткенді жөн көрдім. Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Әскери қызметшілер өнерлерін ортаға салып, мың бұралған «Айгерім» би тобының қыздары билерінен шашу етті.
Ал әрі қарай мерекелік шара Аягөз гарнизонындағы спорт кешенінде футболмен жалғасты. Арнайы мейрамға Аягөз гарнизондарындағы әскери бөлімдер арасында 12 команданының қатысуымен футбол жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды 10810 әскери бөлімі жеңіп алса, 2 орынды әскери полиция қанжығаларына байласа, 3 орынды 10181 әскери бөлімінің командасына бұйырса, 4 орынды 02352 әскери бөлімінің командасы иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен, кубок сонымен қатар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Айта кетер жайт 02352 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Сайлыбаев Асқар Жұмағазыұлын мерекелік шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырғанын ерекше атап өткім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Майя ТОЛЕГЕНОВА


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1