Әйел деген ән салғанда әдемі,
Әлденеге тамсанғанда әдемі.
Қимай ғана қоштасқанда әдемі,
Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
Тана көзі жалт еткенде әдемі,
Ақ білегі жарқ еткенде әдемі.
Көрген жанды өнегелі, ибалы
Қылығымен тәнті еткенде әдемі.
Әйел деген мәз болғанда әдемі.
Көктем келіп, жаз болғанда әдемі.
Алма бетін аяз сорса әдемі.
Кірпігіне қар қонғанда әдемі.
Әйел деген гүл атқанда әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда әдемі.
Мөлдіреген жанарында кей кезде
Жалғыз тамшы құлатқанда әдемі.
Жүгіргенде не жүзгенде әдемі,
Нәрестесін емізгенде әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып,
Дәмді асынан жегізгенде әдемі.
Өзін біреу мақтағанда әдемі,
Арын адал сақтағанда әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге
Сыр ашуға