Буындағы тұзды кетіреді Менің жасым 56-да. Әлі зейнет жасына жеткен жоқпын дегенмен, жарты ғасырлық өмір жолымда денсаулықтың қадірін бір кісідей-ақ сезініп үлгердім. Соның ішінде мені қатты мазалағаны буындардың қақсауы еді. Жасы ұлғайған адамдардың көпшілігін мазалайтын бұл кеселден мен жаңғақ арқылы құтылғанымды айтқым келеді. Бір литрлік банкаға толтырып кәдімі грек жаңғағын қабығынан аршып, тазалап салдым. Оны енді 2 литрлік банкаға аударып, үстіне жарты литр бал мен жарты литр арақ құйдым. Күніне екі-үш рет мұқият араластыра отырып, оны 40 күн бойы жылы жерде ұстадым. Әр араластырған сайын оның иісі аңқып, күшіне мініп келе жатқаны сезіліп тұрады. Ал тиісті мерзім өткен соң бұл тұнбаны