Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тәжік-ауған шекарасынан қазақстандық батальонның шығарылғанына Тәжікстанға 08.02.22 жылы 21 жыл және Ауғанстанға 15.02.2022 жылы 33 жыл толуына орай "Алматы көпсалалы колледжінде «Есімдері елдің есінде» атты кездесу кеші өтті. Кешке тәжік - ауған ұрыс қимылдарының ардагері Абуов Нұрхан Мырзатайұлы, АӘжТД пәнінің оқытушысы Балтабаев Еркебұлан Жақсылықұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ердаулет Базарбаевич, 1 курстың өндірістік оқыту шеберлерімен колледждің студенттері белсене қатысты. Кеш қонағы Абуов Нұрхан Мырзатайұлы ұрыс қақтығыстар жылдарында болған оқиғалары туралы былай деп баяндады. Кеңес Одағы ыдырап, ондағы ме