Алла өзі жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Шырайлы, шаттық күнің боп,
Сәттілік тапсын жалғасын!
Дендерің сау, аман боп,
Ару-сырқау болмасын!
Әрбір үйді әрдайым,
Жаратқан ием қолдасын!
Алла саған жақ болсын!
Бастарыңа орнайтын,
Таусылмайтын бақ болсын!
Аман болып отбасы,
Бар жақсылық тап болсын!
Ел-жұртымыз аман болып,
Тыныштық заман болсын.🤲🤲🤲