Құрметті достар! 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні. Келешекте бұл датаның қазақстандықтар үшін де маңызды мерекеге айналарына сенім білдіремін. Бақытты отбасы – табысты мемлекеттің өзегі. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелеріне сенсек біздің отандастарымыздың дені отбасын – ең басты құндылық санайды екен. Десе де, бұл салада реттеуді қажет ететін проблемалар да жоқ емес: отбасында болатын тұрмыстық зорлық-зомбылық, саналы ата-ана мен отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі, көп балалы отбасылардың әл-ауқатының төмендігі т.б. Жалпы отбасы саясатына қатысты мәселенің барлығы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының үнемі назарында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы «20