Ерте заманда Сырлыбек дейтін кісінің ауылына кешқұрым қонақ келіп түседі. Ол ит-құстың тілін біледі екен. Дастархан басында отырғанда сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит үріп жауап беріпті. Қасқыр:
– Әй, ит екеш, інім. Әлімсақтан екеуміз туыс едік. Алла менің жеті несібемді желден, бір несібемді үйден жаратқанын білесің. Бүгін көзім осы ауылға түсіп тұр. Маған бір қой бер, – дейді. Ит:
– Қасеке, менің тоқтығым осы қойлардың амандығы емес пе? Қойды алдырсам, қожайынның алдында ұятты болмаймын ба? – деп көнбейді. Қасқыр:
– Ендеше, қонағыңның атын бер, – дейді қасқыр.
– Қазір босағадан сығалаймын. Қонақ маған сүйек берсе, атты бере алмаймын. Егер сараң болса, ала бер, – дейді