АҒАЙЫН АРАСЫНДА САҚТАЛУЫ ТИІС ҚАҒИДАЛАР
Дұрыс іні бола алмаған, дұрыс аға бола алмайды. Ағайын арасында бір жас үлкен не кіші болса да оған ағалық не інілік құрмет көрсету керек. Біреуі бай, біреуі кедей болса да екеуін алаламай, бірдей сыйлау шарт. Ағайын ағаңмен сырлас, әңгіме айт. Бір тірлігің болса барып ақыл сұра. Аға екенін сезіндір. Қас-қабағына қарап жүр. Сыртынан жамандама, әрекетін сөкпе. Сенің осы әрекеттеріңді інілерің көріп, саған дәл сондай құрмет көрсететін болады. Сен өзің ағаларыңды сыйламасаң, інілерің сені сыйламайды.
Ағайындардың жағдайын сұрап тұруды әдетіңе айналдыр. Мүмкін бірі аш шығар, бірінің киімі жоқ шығар?! Мүмкін бір бауырың қарызын төлей алмай жүрген шы