Анаға сағыныш... Сағындым сізді💛 Жан ана аңсап жүрмін күнде өзіңді Балам деген бал тәтті жыр сөзіңді Арманның қиялымен келем ана, Қайта көрсем екен деп бір өзіңді. Мен тіріңде білмеппін қадіріңді Жылына бір көреміз қабіріңді Қайта аллам ортаға төгермеді, Аналық ақ жүректі жарығыңды... Пенделікке салынып аттандаймыз Ананы біздер тауып жатқандаймыз Бір сөзене он ауыз тіл қайтарып, Ақ сүтінің алдында ақталмаймыз Ей адамзат қадірле анаң болса, Зор бақыт бірге жүріп аман болса Анадан бар жылулық табылады Қуанып қиналғанда жаның тоңса Анаңдай бола алмайды өзге ешкім Анасыз өмір сынын бастан кештім Анадай ардақты адам табам деме Анадан ешбір жан жоқ асқан ешкім Жылатпа,сызат салма ж