Мен сені сағынғанда,
Телмірем сағымдарға.
От-кеудем лапылдайды,
Құйылып жалын қанға.
Мен сені сағынғанда,
Мұңдарым арылған ба?...
Сен бе деп селк етемін,
Сыртқы есік қағылғанда.
Мен сені сағынғанда,
От сезім бағынған ба?...
Теңіздей тербелемін
Найзағай шағылғанда...
Мен сені сағынғанда,
Сезімге табынғанда...
Өзіңсіз сенсең егер,
Ұқсаймын жарым жанға.
Мен сені сағынғанда,
Тағат жоқ дамылдарға,
Жан-жүрек жанартау боп
Секілді жарылғанға.
Мен сені сағынғанда,
Жалғанда жаным барда,
Шарқ ұрам шағала боп,
Шаңқылдап шағылдарда...