Тұсауды - жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт КЕСПЕЙДІ! Үлкен кісілер ала жіп байлап, батасын береді. Ұлдікін - ісі тындырымды ер-азамат, қыздікін қимылы ширақ келіншек кеседі. Тұсаудың ақ пен қара араласып есілген ала жібі баланың АЛДЫНАН тек ПЫШАҚПЕН кесіледі! Қайшыда екі жүз бар, баланың қадамы ҚАЙШЫЛАНБАСЫН! Дүмшелерге еріп баланың артынан тұсау кесудің қажеті жоқ. Өйткені бала көткеншектеп артқа емес, АЛДЫҒА ЖҮРЕДІ! Бір баланың тұсауын үш адамның кескені де дұрыс емес. Сондай-ақ қызылала-жасылала жіпті базардан сатып әкеп жаңалық ашуға құмар болмаңдар. АҚ ПЕН ҚАРА араласып есілген ала жіптің мәні - балам біреудің ала жібін аттап ҰРЫ боп шықп