1000 ТЕҢГЕГЕ – БАСПАНА! Қадірлі ағайын! Заңды түрде тіркелгеніміз жайлы сүйінші сұрап, мақсатымыз бен жоспарымызды айтып Үндеу жариялаған едік. Содан бері 10-15 күндей өтті. Мыңдаған бауырларымыз хабарласып, «іске сәт!» деп, дем беріп жатыр. Ниеттес қандастарға мың да бір рахмет! Бірақ салушылар аздау болып тұр: осы жазба жазылып жатқан кезде шамамен 20-25 адам салды. Әрине, әркімнің жағдайы – әртүрлі. Дегенмен, шын ниет болса, 1000 теңге табылады-ау!.. Ниетіміз бен ісіміз – Алла Тағалаға аян! Біз бұл әрекетіміз арқылы Үкіметпен жағаласып жатқан жоқпыз, «жәрдемші болайық» деген ниеттеміз. Ел үшін еңбек етіп жатқан басшы жігіттер мен Болат Назарбаев ағамыз сияқты үлгі көрсетіп жатқан ел ағал