Соңына дейін оқыңыздар
Отбасының жалғыз ұлы Арман да дүниеге келді. Қылығы тәп-тәтті. Көптен күткен баласы өскен сайын әр нәрсеге бір құмартып, дегенін жасатуды шығарды.
Тіпті, ата-анасын тыңдамайтын болды. Бірақ ата-анасы Арманның бұл қылығына онша мән берген жоқ. Міне, сол Арманымыз ер жетіп, келіншек алып, әке-шешесін қуантып тастады. Жақсы көрген қызына әрең қолы жеткен еді. Анасы жалғызының тойын көріп кетейін дегендей, көп өтпей дүниеден озды. Енді Арманның әкесімен бір үйде тұруына тура келді. Арадан айлар өтіп, келіншегі мінез көрсете бастады. Өйткені қарт әкенің өздерімен бірге тұрғанын келіні жақтырмайтын еді. Құдайдың құтты күні күйеуіне: «Әкеңді басқа жаққа құрт. Не мені, не әк