Шын мәнінде ат-тахият күнделікті намазымызда оқитын дұға. Мұның қандай маңызды екенін білесіздер ме?
Расында, ат-тахият Жаратушымыз Алла Тағала мен cүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаху алейхи уа саллям) Миғраж түнінде болған сұхбатының бір бөлшегі.
Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям) Алла Тағаламен жүздескенде «ассаләму әлейкум» демеді. Адам баласы Жаратушысын көргенде қалай амандаса алады? Жақсылық-нығметтердің жəне игіліктердің баршасының Иесіне қалайша сәлем бересің? Пайғамбарымыз сонда былай депті: «Әттахиәту Лиллаһи уә саләуәту уа таиибату» (Барлық мақтау, барлық намаздар мен құлшылық тек Алла үшін) Алла Тағал