Жан әкеміз, Әбілдә Сүлеймен Әнуарбекұлының дүниеден өткеніне 1 жыл болады. Ардақты әкеміздің жылына арналған ас 3 қарашада, сағат 12:00 Мәшһүр Жүсіп мешітінің үлкен залында беріледі.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен Жүрегіміз әке деп соғады әлі. Жұмбағы мен сырлары көп дүние -айӨзегімді өртеп, бөліп барады Ән саламын сағынғанда өзіңді, Жебеп жүрші әке қара қызыңды. Өзің едің мына өмірде тірегім, Жалғап келем Алла деп ізіңді. Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан Ешкім сендей сипамаған басымнан.Түсіне алмай қалдық әке артыңда,Кетуіңде болды -ау бізге тосыннан.Алла салды басымызға сынақты, Жиі еске алсын деп пе жылатты.Қайғысы мен қызығы көп өмір -ай Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.