Қарсы көрсетілімдері
Үрмебұршақты қарт кісілерге, гастритпен, тоқ ішегі қабынған, асқазан жарасы, өт қабынуы, артық тұздың жиналуымен ауыратын науқастарға жеуге болмайды.
Бұршақты шикі күйінде жеу улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген адамдарға үрмебұршақ жақпайтындықтан, іштің кебуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, үрмебұршақпен бірге аскөк жеген дұрыс. Қызыл үрмебұршаққа қарағанда ақ үрмебұршақ іш кебуді аз тудырады.

Керек дерек
• Ертедегі Грекияда үрмебұршақ жармасы кедейлердің тағамы саналған, қазір бүкіл әлемде пайдалы тағамдардың көшін бастап тұр.
• Корея, Жапония, Қытай елдерінің тұрғындары майда бұршақтарды жеуді жөн санайды және оның өзін майдалап ұн ретінде пайдаланады. Бұршақ