Әкем Башбаев Айсауыт 1925 жылы туылған. Анасы Торғын 2 баласын Жетпісбай, Айсауытты 1942 жылы соғысқа алып кетті дейді. Жетпісбай ағамыз сол кеткеннен хабарсыз кеткен. Әкеміз Айсауыт 18 қаңтарда Бузулуг станциясына түсіп, атты әскер қатарына алындым дейтін. 2 айдан кейін Горьков облысына бардық. Содан Волокаламскіге келдік. Сол жерден киіндіріп, «37 колибирлі» пушка берді. Сол жерде 2 ай болдық. Содан соғыс майданына аттандық. Кейін Курск доғасына соғысқа түстік. Ол 1943 жыл 6-маусым еді. 2- қыркүйекте жарақаттанып Тула қаласында госпитальда жатып, жазылып шықтым. Қайтадан запастағы полкке шығып, 88-дивизияның 426 пехотнан жаяу әскер полкіне түстім. 1944 жылы 8-наурызда бастан жараландым. Т