Еврей Джадтың ислам дінін қабылдауы 50 жылдай бұрын Францияда Ибрагим есімді қарт түрік өмір сүрген, оның шағын азық-түлік дүкені болған. Бұл дүкен бір пәтерінде еврей жанұясы тұратын ғимаратта орналасқан екен, ол жанұяда жеті жасар Джад есімді ұл болған. Кішкентай Джад Ибрагим ағаның дүкеніне өз жанұясына қажетті тамақ алу үшін күнде келетін. Әр кез дүкеннен кеткенінде Джад ақырындап шоколадтың кішкентай кесегін жымқырып кетіп отырған. Бір күні дүкеннен кетіп бара жатып, бір себептермен ол шоколадты алмайды, Ибрагим сатушы оның есіне түсіріп, оған шоколадтың кесегін ұсынады! Джад таңқалып әрі ұялып қалады, өйткені ол Ибрагим аға оның күнделікті жасап жүргендерін біліп қояды деп ойламап еді