Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бізге жеткен дәстүрдің бірі – сәбиді қырқынан шығару. Ата-бабамыздан аманат болып келген осы дәстүрге ерекше мән беріп, қасиетті деп санаған. Қырқынан шығару арқылы сәбиді күміс салынған сумен тазартып, шаш-тырнағын алып, жаңа киімдер кигізу арқылы баланың ары қарай азамат болып кететініне көз жеткізген.
Міне, бүгін біздің отбасымыздың кенжесі - БЕЙБАРЫС немеремді ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ рәсімін өткіздік! Жақын-туысым мен құдағиларым келіп, осы тойдың ішінде болып, немереме тамаша БАТА-ТІЛЕКТЕР айтылды! Берген баталар, айтылған тілектер АЛЛАҺЫМНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНСЫН!!🤲🤲🤲