Аралық қорытындылар: 88 мыңға жуық талапкер наурыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 88 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 139, оны Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облысында оқитын 2 талапкер жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Тестке қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,1%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6% «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаға