О, махаббат сен неткен құдіретсің!
Көздерінен мейірім нұрын төккен,
Мен сүйген жан, япырай, сұлу неткен!
Сырлы сөзбен сезімді жүректегі
Маржандайын тізілтіп мөлдіретсем,
О, махаббат, сен неткен құдіретсің!
Таса қылмай көзімнен қыбыр етсең,
Сағынамын, іздеймін қиыр кетсең.
Дүниеде бақытты менен жан жоқ,
Құшақ ашып, қауышып, келіп өпсең.
О, махаббат, сен неткен құдіретсің!
Өмір бойы жанымда жүріп өт сен,
Жарқын жүзбен жадырап күліп өт сен,
Бірге жасап өмірдің бар қызығын,
Әлемдегі бар жаннан бақытты етсем.
О, махаббат, сен неткен құдіретсің!
Ғабит Тұрсынбай