Тегістікке баратын жол бойы айнала аққайыңдар. Мүлгіп, ұйқыға кеткендей көрініс. Осынау әсем табиғаттың қорғалатыны, осы жерде орман шаруашылығы жұмыс жасайтыны көрініп тұр. Тегістік ауылы аудан, облыс орталығынан 200 шақырымдай жерде жатқан Ресейге шекаралас ауыл. Ауыл Жаңақұрылыс ауылдық аумағына қарайды екен. Ауыл әкімі Бақытгүл Қапбасова бұрын мектепте мұғалім болыпты. Алдымен мектепке келдік. Әр сыныпта 3-4-тен барлығы 27 оқушы қалыпты. Соның өзінде бұрынғыдай интернаттар жоқ, 11-ші сыныпта 1 бала болса да, ауыл баласы өз үйінде тұрып, өз ауылында мектеп бітіргені дұрыс деп шешіпті.
Тегістік Кеңес өкіметінің кезінде қазақ мектебі болған, өзге ұлт өкілдерінің