Жалынды, жас қанат, жас түлек,
Бозбала, бойжеткен, жас жүрек.
Мектепті бітірген түлектер,
Сендерге арнадым бір тілек.
Мектептік диплом қолыңда,
Сәт сапар тіледім жолыңа.
Қырандай қалықтап аспанда,
Самғаңдар оңыңмен солыңа.
Өмірді бастаңдар қалмаңдар,
Өсіңдер, өніңдер, талмаңдар.
Жастықтың жалыны от болып,
Жарқырап жұлдыздай жаныңдар.
Өмірдің жолында жасқамай,
Оңай жол іздемей басқадай.
Сендерді оқытқан мектебің,
Ұшырған ұяаңды тастамай.
От болып жанатын жасыңда,
Ұшыңдар самғаңдар аспанда.
Ағаң бар інің бар апатай әпкеңіз,
Тілекші Ата Анаң қасыңда.