Екі жанды бірдей сүйе алмайсың,
Сезіміңді бір үмітпен жалғайсың,
Сұлулықты тек алыстан арбайсың.
Ал, екеуін оңдырмастан алдайсың.
Көңіліне қарап жүру-от басу,
Мейірімнің ең негізі-достасу.
Турасын айт, бауыр басып қалғанша,
Махаббаттың жаман жері қоштасу.
Өткен күнді ала берме есіңе,
Еске түссе өкініш бар, әрине.
Өкінгеннен қайтып барсаң алдына,
Қарайсың-ау, қалай оның бетіне?!
Жауапты бол, айтқың келсе сөзіңді,
Жеткізе біл бал сезімге көзіңді.
Әдемілік мерзімі бар құбылыс,
Ең алдымен ойлау қажет өзіңді.
Махаббатпен ойыншық қып ойнама,
Ғашықтықты жеңілдек деп ойлама.
Бір бастасаң, ортасынан тастама,
Әлсіз болсаң, жұптасуды қозғама.
Ақымақтық шын сүйгенді қорлауың,
Қаламаған нәрсеңді де