Машранов Әмірханды еске алу.
Бір-ақ жыл өтті асқар тауым құлағалы,
Бір-ақ жыл өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен
Жүрегіміз «әке» деп соғады әлі.
Бір-ақ жыл өтті бізде болдық балалы,
Суретіңе атам ғой деп- қарады...
Жұмбағы мен сырлары көп дүние -ай
Өзегімді өртеп, бөліп барады
Ән саламыз сағынғанда өзіңді,
Жебеп жүрші әке бала-шағаңды.
Өзің едің мына өмірдің тірегі,
Жалғап келеміз Алла деп ізіңді.
Тәрбиеңді көріп өстік жасымнан
Ешкім сендей сипамаған басымнан.
Түсіне алмай қалдық әке артыңда,
Кетуіңде болды -ау бізге тосыннан.
Алла салды басымызға сынақты,
Жиі еске алсын деп пе жылатты.
Қайғысы мен қызығы көп өмір -ай
Бірде көтеріп, бірде жығып қ