ҰРПАҚҚА МҰРА ҚАЛДЫРҒАН БИ АҒА!
14 қараша күні қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің туған күніне орай орталық аудандық кітапхананың оқу залында жыл сайын өтетін аудандық «Майлин оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау аудан мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ереженің талабы бойынша қатысушылар Б. Майлиннің прозалық шығармаларынан қазақ немесе орыс тілінде үзінді оқу болды.
Байқаудың мақсаты – Б. Майлиннің әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттыру, аудан оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау.
Байқауға Әйет ауылы, Тобыл кенті, Асенкритовка ауылы, Май ауылы, Новоильиновка ауылы, Байшуақ ауылы, Валерьяновка ауылы және Красносельское а