Қанша көрдім дегенмен, көрмегенім көп менің, қанша білдім дегенмен, білмегенім көп менің. Мен дегенде ешнәрсені аямайтын, таңертеңнен кешке дейін аялайтын, золотой қызым деп еркелететін өзің едің! Кішкентай кезімде, тамақ ішерде тізеңе отырғызып алып отырушы едің. Ұйықтарда жаныңа алып жатар едің. Осыдан кейін қалай жаман болайын?
Балалық шағымды бақытқа айналдырған, қатарынан қалмасын деп қолынан келген бар жақсылығын үйіп-төккен, бар тәттіні аузыма тосқан аташым, мен сізді сүйіп өтемін. Бойымдағы асыл қасиеттерім адалдығым, намысшылдығым, еңбекқорлығым, ақкөңілділігім сізден дарыған. Осы қасиеттерімді сақтап өтемін.
Қазір, қуанышымнан қайғым басымырақ...Әлі де сене алмаймын...
Өлді деуг