Бүгін 19 сәуір Қазақтың «қазақ» деген тарихи атауын қайтарып алған күн. Мұны бүгінгі жұрттың бірі білсе, бірі білмейді. Бұл тарихи акт 1925 жылы 16-19 сәуірде Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында өткен Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің V съезінде қабылданды. Патшалық Ресей Қазақстанды өзіне күштеп қосып алған соң, қазақты қорлап «қырғыз-қайсақ», немесе «қырғыз» деп атағаны белгілі. Ресей патшалық үкіметінің барлық жазбаларында, құжаттарында осылай жазылды. Кем дегенде екі жүз жыл қазақты осылай қорлады. Патшалық Ресей тұрмақ Совет өкіметінің алғашқы кезеңінде де осылай болды. 1920 жылы 16 маусымда РКФСР құрамында құрылған автономиял