Бір жанның құтқарылғаны әлемді өзгертпес, бірақ әлем бір жанның өзгеруіне себеп болары анық!!!💖
Бiз жан құрбымыз Ульяна Токаеванын достарының атынан осы постты салып отырмыз. Біз комекті ,,арнайы қорлардан,, емес, жанашыр адамдардан сұрауды жөн көрдік.
Ульяна Токаева құрбымыздың 2019 жылы асқазанын алып тастады (3 дәрежелі асқазан обырына байланысты)8 химиялық курстар қабылданды, алайда ол химиялық курстар оң нәтижесін бермеді.
Мәскеу қаласында оған, алдыңғы емшараларға қарағанда оң нәтиже беретін емшара ұсынылып отыр, бірақ оған қаражат жетіспей тұр.
Біз Ульянаның жазылып кететініне сенімдіміз! Ол өз баласына, туыс – туғанына, достарына өте қажет. Барлық қиындықтарға қарамастан Ульянада